
Секциялық және пленарлық сессияларда Парламент және мәслихат депутаттары, Үкімет мүшелері, шетелдік және қазақстандық сарапшылар Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарының II республикалық форумында және Ұлттық құрылтайдың IV отырысында белгілеген міндеттерін талқылады.
Сондай-ақ, сенаторлардың мәслихат депутаттарымен өзара іс-қимылын одан әрі жандандырудың, жергілікті өкілді органдар қызметінің өзекті мәселелерін шешудің және өңірлердің дамуына жәрдемдесудің маңыздылығы туралы сөз болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/970312?lang=kk

Жауап қалдыру