
Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде 14 наурыз – Көрісу күніне арналған «Бір жасыңмен» мерекелік шара-көрмесі ұйымдастырылды. Мерекелік шара жастардың үлкендерге көрісуімен басталды. Шараны Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов ашып,келушілерді Көрісу күнімен құттықтады. Сондай–ақ, Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Мұрат Өтешов сөз сөйлеп, өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, шараға мәдениет және өнер саласының майталмандары,еңбек ардагерлері және өңіріміздің оқу орындарынан студенттер, мектеп оқушылары және қала тұрғындары мен шетелдік меймандар қатысты. Іс-шара барысында қолөнершілер жүн түту, ұршықпен иіру, тоқыма тоқу, кесте тігу, киіз басу, ағаштан тұрмыстық бұйымдар жасаудан шеберлік-сағаттарын өткізді. Қонақтар мен қатысушыларға наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1181628?lang=kk

Жауап қалдыру