ШҚО-да полицейлер зейнеткердің 10 миллион теңгесін алаяқтардан сақтап қалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да полицейлер зейнеткердің 10 миллион теңгесін алаяқтардан сақтап қалды

Шығыс Қазақстан облысында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық әрекетінің жолын кесті. Нәтижесінде 77 жастағы зейнеткердің 10 миллион теңгеден астам жинағы аман қалды.

Алаяқтық схемасы әйелдің бұрын жұмыс істеген кәсіпорнының кадр қызметі атынан мессенджер арқылы келген хабарламадан басталған. Кейіннен қылмыстық топқа өздерін заңгер және қаржы мониторингінің басшылары ретінде таныстырған тұлғалар қосылған.

Күдікті қоңырауды «Қазақтелеком» операторы байқап, ақпаратты ҚР ІІМ-не дереу жолдаған. Хабарлама ШҚО Полиция департаментіне келіп түсісімен, тәртіп сақшылары жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына жедел жеткен.

Полиция қызметкері Бекпау Ілияс жағдайды бақылауға алып, банк шоттарын бұғаттап, қаражатын сақтап қалды.

«Ол бірден не істеу керектігін түсінді. Жедел желіге хабарласып, мән-жайды баяндап, қажетті шараларды жасады. Тіпті сол адамдармен сөйлескен еді, екі-үш ауыз сөзден кейін олар байланысқа шығуын тоқтатты», — дейді зейнеткер.

ШҚО Полиция департаменті барша азаматтарды қаржылық операциялар кезінде сақ болуға және күдікті жағдай туындағанда «102» арнасына хабарласу қажеттігін ескертеді.

 


ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1181662?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді