
2025 жылғы 3 сәуірде Маңғыстау облысында «Адам құқықтары туралы диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара UNDEF қолдауымен “Қазақстанда адам құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекет пен азаматтық қоғамның күшін нығайту” жобасы аясында өңірдегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Асылан Кужиев пен “Мейерім” ҚБ директоры, Маңғыстау облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігі тобының жетекшісі Александр Мухамен бірлестікте ұйымдастырылды.
Талқылауға қызметтегі судьялар, мемлекеттік органдардың, кәсіподақтардың, азаматтық сектордың, адвокаттар қауымдастығының өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Диалог барысында адам құқықтарын қорғау, азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, сондай-ақ өңірдегі құқық қорғау тетіктерін жетілдіру жолдары сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті нығайтуға және билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/970335?lang=kk

Жауап қалдыру