9–10 наурыз аралығында Тараз қаласында грек-рим күресінен U15 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жарыстың қорытындысы:
Нұралы Амангелді — 1 орын (44 кг)
Ерали Мұратов — 1 орын (85 кг)
Нұрмұхаммед Талғат — 1 орын (85+ кг)

Үш спортшымыз да өз салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған 20 команда қатысқан жарыста жалпыкомандалық есепте Абай облысының командасы 89 ұпаймен үздік үштіктің қатарына енді.

Спортшыларымызға алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1181631?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді