
Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Жумагуловтың төрағалығымен экономика және қаржы бөлімінің басшысы, заң бөлімі басшысының міндетін атқарушы қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында қаладағы мемлекеттік мекемелер жүргізетін мемлекеттік сатып алулардың сапасын және ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.
Кеңес барысында прокуратура тарапынан мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде орын алған бұзушылықтар бойынша ұсыныстар түсіп жатқандығы атап өтілді. Сондай-ақ, уәкілетті органдардан түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы ұсынымдық сипаттағы хаттар келіп түсуде. Бұл хаттарда облыстың өзге ұйымдарында анықталған бұзушылықтар мен оларды жою тәжірибелері мысал ретінде келтірілген.
Аталған мәселелерді шешу және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында жұмыс тобына сарапшыларды немесе өзге ұйымдардың өкілдерін тарту заң бөліміне ұсынылды. Бұл талдаудың жан-жақты әрі сапалы жүргізілуіне ықпал ететінін атап өтті.
Экономика және қаржы бөліміне өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік сатып алулардың заң талаптарына сай жүргізілуіне бақылауды күшейту, сондай-ақ, жауапты қызметкерлерге арналған түсіндірме семинарларын жиі өткізу тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/970361?lang=kk

Жауап қалдыру