Төтенше жағдайлар кезінде жедел хабарлау және әрекет ету дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде мобильді құлақтандыру кешенін пайдалану тәртібі бойынша оқу сабағы өткізілді. Оқу барысында мобильді құлақтандыру кешенінің функционалдық мүмкіндіктері, халықты жедел хабарландыру кезінде жүйені пайдалану тәртібі, сондай-ақ хабарламаларды қалыптастыру және тарату алгоритмдері түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету дайындығын арттыру және қызметкерлердің практикалық дағдыларын жетілдіру.
Жауап қалдыру