
Ағымдағы жылдың наурыз айында Атырау облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері Атырау қаласындағы жергілікті дизайнерлік «BANUGAIDAR» бренді иесі Гүлбану Гайдаровамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстандағы креативті экономиканы дамыту мәселелері талқыланып, авторлық құқықтарды құқықтық қорғау және сақтау туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, зияткерлік меншік объектілерінің, оның ішінде географиялық көрсеткіштердің ұлттық брендтерді ілгерілетудегі және олардың шетелдегі танымалдылығын арттырудағы маңызы атап өтілді.
Өз кезегінде Гүлбану Гайдарова зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғау саласында жиі қойылатын сұрақтар бойынша құқықтық кеңес алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1183918?lang=kk

Жауап қалдыру