
Масқат 2025 жылғы 3 сәуір – Қазақстанның Омандағы Елшілігі Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін атап өтті.
Мерекеге Омандағы тұратын отандастар мен Елшілік ұжымы қатысты.
Елші А.Тұматов қонақтарды қарсы алып, Наурыздың тарихы туралы айтып, оның бейбітшілікті, достық пен келісімді бейнелейтін ұлттық мәдениеттегі аса маңызды мереке ретіндегі терең мәнін атап өтті.
Музыкалық қойылымдар мен спорт жарыстарынан кейін қонақтар дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-muscat/press/news/details/970463?lang=kk

Жауап қалдыру