
Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. Бұл шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Қайырымдылық акциясы барысында 22 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері жеткізіліп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Осындай игі шаралар халық арасындағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, қайырымдылықтың маңыздылығын арттыра түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181526?lang=kk

Жауап қалдыру