
Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні аясында Абай ауданының сауда орталықтарында халық аспаптар ансамблінің өнер көрсетуі өтті. Музыкалық шара мерекелік бағдарламаның жарқын бөлігіне айналып, келушілердің ерекше назарын аударды.
Аудан тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі қазақ күйлерінің жанды орындалуын қызығушылықпен тыңдап, көпшілігі өнер көрсетулерді бейнетаспаға түсіріп, өз әсерлерімен бөлісті.
Көпшілік үшін бұл күнделікті өмір аясында қазақ халқының бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік болды. Ұлттық әуендер ерекше атмосфера қалыптастырып, кеңістікті жылылық пен мерекелік көңіл-күйге бөледі.
Осындай іс-шараларды өткізу ұлттық өнерді насихаттауға, жастар арасында дәстүрлерге деген қызығушылықты арттыруға және мәдениетті баршаға қолжетімді етуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1184105?lang=kk

Жауап қалдыру