
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясы 2026 жылғы 31 наурызда сағат 10.00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:
- Атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты төрағасының есебі туралы.
Баяндамашы: Г.Р.Сүйінтаева – облыстық
мәслихаттың төрағасы
- Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №298 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.С.Мақсатов – экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы
- Облыстық мәслихат депутаты Н.Ж.Сарбасовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
Хабарламашы: Н.М.Жүсіпов – облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
- Басқа сұрақтар.
Облыстық
мәслихаттың төрағасы Г. Сүйінтаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/1184149?lang=kk

Жауап қалдыру