Кезекте тұрған адамның құқықтарын қорғау және қалпына келтіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бурабай ауданының прокуратурасы азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету кезінде тұрғын үй заңнамасының бұзылғанын анықтады.

Жергілікті атқарушы орган қайтыс болуына байланысты 2009 жылдан бастап «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша есепте тұрған азаматты тұрғын-үй алу кезегінен заңсыз алып тастаған.

Сонымен қатар, заңнамада тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін жоғалтуға негіз болмаған кезде, қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне кезекті сақтау көзделген.

Қайтыс болған «З» азаматтың қызы II-топтағы мүгедек болып табылады, өзінің тұрғын үйі мен табыс көзі жоқ және тұрғын үйге мұқтаж.

Прокуратураның ұсынысы бойынша Бурабай ауданы әкімдігімен 03.03.2026 жылы «З» азаматтың қызы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қалпына келтірілді, сол арқылы оның конституциялық құқықтары қорғалды.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1184229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді