Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Қ.А. Әбдіхановтың бизнес өкілдерін қабылдауы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпкерлер өз мәселелерін тікелей көтеріп, тиісті түсіндірмелер алды. Барлығы үш өтініш қаралды. Олар өңір үшін маңызды салаларды — ауыл шаруашылығы, туризм және сатып алулар бағытын қамтыды. Бірқатар мәселелер бойынша түсіндірмелер сол жерде берілсе, қалғандары қосымша пысықтауға алынды.
Көтерілген мәселелердің қатарында аграрлық сектордағы субсидияларды қайтарудың заңдылығы болды. Кәсіпкер тексеруші органдардың қорытындыларымен келіспейтінін білдіріп, қаражаттың мақсатсыз пайдаланылмағанын алға тартты.
Сонымен қатар, туризм саласының өкілі Наталья Сатенова адал бәсекелестік қағидаттарын сақтау мәселесін көтерді. Әңгіме қаржы институттарына аффилиирленген цифрлық сервистердің туристік қызметтер нарығына ықпалы және шағын бизнес субъектілері үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы болды.
Жеке өтініш сатып алулар саласы мен мердігерлік міндеттемелердің орындалуына қатысты болды. Кәсіпкер орындалған жұмыс көлемін төмендету, төлемдердің кешіктірілуі және уәкілетті органдар тарапынан құқықтық баға беруді қажет ететін өзге де әрекеттер туралы мәлімдеді.
ЭТТД басшысы : – «Бизнеске зиян келтірмеу қағидаты сөзсіз сақталуы тиіс. Біз диалогқа ашықпыз және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы орта қалыптастыруға жәрдемдесуге ниеттіміз», – деп атап өтті.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранкулов форматтың маңыздылығын атап өтті.
«Кәсіпкерлер өз мәселелерін тікелей күштік және бақылаушы құрылымдардың басшылығына жеткізе алғанда — бұл әділ әрі қолайлы іскерлік ортаны қалыптастырудағы нақты қадам», – деді ол.
Палатада мұндай кездесулер формальдылық емес, бизнесті қорғау мен қолдаудың тиімді тетігі екені атап өтілді. Бұл — өтініштерге жедел әрекет етіп, мәселелерді құқықтық алаңда шешуге мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-aktobe/press/news/details/1184211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді