Жасөспірімдер радикалдануының алдын алу: Семейде семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында жасөспірімдер арасында радикалды көзқарастардың алдын алу тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Оған мектептердің тәрбие ісі жөніндегі мамандары мен педагог-психологтар қатысты.
Семинардың ашылуында білім саласының өкілдері бұл мәселенің маңызын атап өтті. Білім басқармасының бас маманы Е.Т. Сулеймен жасөспірімдерге әсер ететін қауіп факторларын түсіндіріп, алдын алу жолдарын қарапайым тілмен жеткізді.
Семинар барысында И.Т. Төлеген мектептегі тәрбие жұмысы мен психологиялық қолдаудың маңызына тоқталды. Ал қалалық білім бөлімінің басшысы Г.Ж. Торегельдина жасөспірімдермен жүйелі жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарын атап өтті. Қатысушыларға радикалданудың психологиялық және әлеуметтік себептері түсіндірілді. Сонымен қатар, мұндай көзқарастардың белгілері мен жастарға қалай әсер ететіні айтылды.
Семинарда дін саласында құқықтық жауапкершіліктер түсіндірілді. Атап айтқанда терроризмді насихаттау, экстремистік әрекеттерге қатысу және заңсыз топтарға қосылу үшін жауапкершіліктер. Мамандар жастардың құқықтық сауатын арттыру маңызды екенін атап өтті.
Практикалық бөлімде А.Б. Ерболатова мен А.С. Сабитова нақты жағдайларды мысалға алып, қатысушылармен бірге талдау жүргізді. Ал А.Т. Кумарова қиын жағдайдағы жасөспірімдермен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетті.
Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Мамандар мұндай шаралар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды екенін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/1184298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді