
Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі өзінің қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Оның мәні сәннің аясынан әлдеқайда кең, өйткені ол – ұлттың рухани коды, тарихи жады мен танымының көрінісі.
Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар пайдаланылды.
Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі киім үлгілері халықтың өмір салтымен, табиғатпен байланысымен және дүниені қабылдау ерекшелігімен тығыз сабақтас.
Бүгінде ұлттық киімнің маңызы жаңа қырынан танылып отыр. Жаһандану үдерісі күшейген сайын ол ұлттық бірегейлікті сақтаудың, төл мәдениетті жоғалтпаудың маңызды тетігіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-arasan/press/news/details/1184321?lang=kk

Жауап қалдыру