
4 сәуір күні №3 сайлау округінен сайланған депутат Сыздықов Бақтияр Нұрділдаұлы өз округіне қарасты Б.Момышұлы көшесінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында бұрынғы №2 емхана ауласының (Б.Момышұлы көшесі, Шәкәрім-Тайманов көшелері қиылысы) қараусыз қалғанына байланысты тұрғындарға қолайсыз жағдай туындап жатқандығын көтерді.
Тұрғындар тарапынан аталған аумаққа балалар ойын алаңын және тұрғындар демалатын кіші аллея орнатуды ұсынды.
Депутат кездесу барысында көтерілген мәселені зерделеп, шешілуіне заң шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.
Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан тұрғындармен көшпелі кездесулер өз жалғасын табуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/970563?lang=kk

Жауап қалдыру