
Іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді насихаттау, халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеу, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Викторина ұлттық нақышта ұйымдастырылды. Қатысушылар салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер бойынша білімдерін көрсетті. Сонымен қатар «Ән – халық жаны» кезеңінде халық әндерін тауып, орындады.
Қызметкерлер өз білімдері арқылы ұлттық құндылықтарға деген құрметін танытты. Бұндай іс-шаралар ұжымдағы командалық рухты арттыруға, бейресми қарым-қатынасты дамытуға және жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1184279?lang=kk

Жауап қалдыру