
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тағы қайталап ескертеді:
Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында мерекелік іс-шараларды өткізу кезеңінде тамақтан уланудың алдын алу және топтық инфекциялық аурулардың ұйымдастырылған ұжымдардағы балалар арасында тіркелуіне жол бермеу мақсатында үй жағдайында дайындалған тағамдарды, оның ішінде дәстүрлі «Наурыз көже» тағамын беруге тыйым салынады.
Шектеу ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, білім беру ұйымдарында сырттан әкелінген тамақ өнімдерін пайдалануға тыйым салынады.
Бұл талаптар білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен медицина қызметкерлерінің төмендегілерді бақылау мүмкіндігінің болмауына байланысты:
• тағамдарды дайындау шарттарын;
• оларды дайындау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын;
• дайын өнімді сақтау және тасымалдау шарттарын.
Осыған байланысты аталған өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігіне балалардың денсаулығы үшін кепілдік беру мүмкін емес.
Білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шараларды өткізуге шектеу жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1184371?lang=kk

Жауап қалдыру