
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.2 тармағын орындау мақсатында Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде семинар-дәріс өтті. Қызылорда облысының Дін істері басқармасының «Дін мәселесін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Е. Жұмахметов іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1184474?lang=kk

Жауап қалдыру