
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығының 6 тармағына сәйкес, 2026 жылдың І-тоқсанына жоспарланған сұранысқа ие мамандықтар тізбесі:
– Білім беру саласы бойынша: Орыс тілі мен әдебиеті – 2 маман, ән күй – 2 маман, логопед – 1 маман, дефектолог – 1 маман, психолог – 1 маман;
– Спорт саласы бойынша: Футбол жаттықтырушы – 1 маман, дзюдо жаттықтырушысы-1 маман, еркін күрес жаттықтырушысы-1 маман;
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері 2026 жылы бір маманға жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада, яғни бір маманға 432 500 теңгеден көтерме жәрдемақы берілу жоспарлануда.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында (Бұдан әрі-Портал) otbasybank.kz/program-bank тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
- l) көтерме жәрдемақы алған кезде:
- осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
- жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
Әлеуметтік қолдау шараларына қатысуға аталған құжаттарды портал арқылы тапсыру уақыты 2026 жылдың наурыз айының 27 күні басталады. Әлеуметтік қолдау шараларын өтінішін жіберу уақыты сағат 09:00-19:00 аралығында яғни жұмыс уақытысында қабылданады.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығы Қағидасының 6 – тармағына сәйкес, 2026 жылдың І-тоқсанына білім беру, денсаулық сақтау, спорт саласының, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілері сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі.
|
№ |
Мамандығы |
Саны |
|
3 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
2 |
|
4 |
Ән күй |
2 |
|
5 |
Логопед |
1 |
|
6 |
Дефектолог |
1 |
|
7 |
Психолог |
1 |
|
8 |
Футбол жаттықтуршысы |
1 |
|
9 |
Дзюдо жаттықтуршысы |
1 |
|
10 |
Еркін күрес |
1 |
|
|
Барлығы |
10 |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1184538?lang=kk

Жауап қалдыру