Қазақстандағы ауқымды реформалар аясында португалдық бизнес-қоғамдастық әріптестікті арттыруға мүдделі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Лиссабон,  2026 жылғы 17 наурыз – жаңа геосаяси және геоэкономикалық сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер тұрғысынан Қазақстан-Португалия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейту перспективалары Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Жан Галиевтің Миньо өңірінің Бизнес-қауымдастығының (Associação empresarial do Minho, AEMinho) басшылығымен – президент Рамиру Бриту, вице-президент Грациете Лима және Бас директор Маргарида Росси кездесуінде талқыланды.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларды Қазақстанның жаңа Конституциясының негізгі ережелерімен таныстырып, инвестициялық ахуал мен шетелдік компаниялардың жұмыс істеу жағдайларын жақсартуға бағытталған өзгерістерге назар аударды. Сондай-ақ, елші Қазақстан-португал ынтымақтастығы үшін ең перспективалы экономика секторларын атап өтті, олардың ішінде ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, соның ішінде Орта дәліздің әлеуеті, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, туризм және т. б.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жаңғырту үдерістерін құптай отырып, AEMinho басшылығы аталған салаларда әріптестік орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу соңында екі елдің бизнес-қауымдастықтарын жақындастыруға және өзара тиімді жобаларды іздеуге бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

AEMinho елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына, сондай-ақ португалдық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның ішінде оларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге ықпал ете отырып, индустриалды дамыған миньо аймағының (Португалияның солтүстігі) кәсіпкерлерінің мүдделерін білдіреді. Қауымдастыққа 140-тан астам кәсіпорын кіреді, олардың жиынтық айналымы 45 миллиард еуродан асады, бұл бүкіл Португалияның ЖІӨ-нің шамамен 8% құрайды.  Құндық мәнде AEMinho-ға кіретін кәсіпорындардың экспорт көлемі 10 млрд. еуродан асады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1184557?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді