Өмірзақ ауылында абаттандыру талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының мамандары учаскелік полиция инспекторымен бірлесе отырып, Рауан тұрғын массивінің көшелерін аралау жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында өздеріне тиесілі жер учаскелерінен тыс аумаққа (қоқыс, тас, құм, ағаш қалдықтары және т.б.) қалдықтар шығарған үй иелерімен кездесіп, ескерту және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ құрылыс жүргізіп жатқан тұрғындарға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы 1-тармағына сәйкес, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкелетіндігі, оның ішінде айыппұл қарастырылғаны түсіндірілді.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сіздерді жеке меншіктегі тұрғын үйлеріңіздің сыртқы келбетін күтіп ұстауға, қоршауларды (заборларды) ретке келтіруге (сырлау, әктеу), сондай-ақ үй маңындағы аумақты қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан (қоқыс, тас, құм және т.б.) тазартуға шақырамыз.

Абаттандыру талаптарын сақтау – ортақ жауапкершілік және ауыл тазалығының кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1184596?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді