
Бекітілген кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында Ақмол, Қараөткел және Арайлы ауылдарының тұрғындарының өтініштері қаралды. Негізгі көтерілген мәселелер жер қатынастары, тұрғын үй және сәулет салаларын қамтыды.
Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер беріліп, жекелеген мәселелерді одан әрі пысықтау үшін жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді және бақылауға алынды.
Азаматтарды жеке қабылдау – халықпен тиімді кері байланыс орнатудың маңызды құралы ретінде жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Қабылдауға жазылу телефоны: 8 (71651) 30-509.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1184676?lang=kk

Жауап қалдыру