
Алматы қаласы Әділет департаментінде Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бірқатар мазмұнды іс-шаралар өткізілуде.
Атап айтқанда, департамент тарапынан қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетілді. Бұл бастама қоғамда мейірімділік пен өзара қолдауды нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында тұсаукесер рәсімі өткізіліп, жас ұрпаққа ізгі тілектер айтылып, ақ баталар берілді. Қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу дәстүрі де кеңінен аталып өтіп, әріптестер бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Наурызнама аясында Ұлттық киім күні де ерекше мәнге ие болды. Департамент қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық бірегейлікті насихаттады.
Өткізіліп жатқан іс-шаралар ұжым бірлігін нығайтып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға және оларды кейінгі ұрпаққа насихаттауға өз үлесін қосуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1184660?lang=kk

Жауап қалдыру