ҚР ТЖМ өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттарының бірінші күнінің қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биылғы жылы Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ХХХІV ерлер арасындағы, ХII әйелдер арасындағы, XI жасөспірім ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қысқы чемпионаттары өтуде. Жарысқа еліміздің әр түрлі облыстарынан, қалаларынан өз өңірінің намысын қорғауға келген 400-ден астам спортшы қатысуда.

Бірінші күні чемпионат қатысушылары шабуыл сатысы дисциплинасы бойынша бақ сынасты, онда жас ерекшеліктеріне қарай спортшылар оқу мұнарасының екінші, үшінші және төртінші қабаттарына көтерілді. Чемпионаттың алғашқы минуттарынан бастап спортшылар арасында қызу сайыс басталды.

  Күннің ең жарқын сәттерінің бірі Шымкент қаласы ТЖД спортшысы Салмина Валентинаның өнер көрсетуі болды. Ол әйелдер арасында шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-қабатына көтерілу дисциплинасында жоғары нәтиже көрсетті.

Алдын ала жүгірулер барысында ол Қазақстан Республикасының рекордын екі рет жаңартты: бірінші талпынысында 7,21 секунд нәтижесін көрсетіп, бұрынғы рекордты (7,26 секунд) жаңартса, екінші талпынысында өз нәтижесін жақсартып, 7,19 секундпен  еліміздің жаңа рекордын орнатты.

Оның бұл өнер көрсетуі жарыстың бірінші күніндегі ең есте қаларлық сәттердің біріне айналып, спортшылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша спортшылар мынадай нәтижелерді көрсетті:

«Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасы бойынша командалық есепте орындар келесі түрде орналасты:

Ерлер арасында

1 орын – ШҚО ТЖД құрама командасы

2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы

3 орын – Алматы қаласы ТЖД құрама командасы

Жеке біріншіліктегі орындар:

Ерлер арасында

1 орын – 13,72 секунд нәтижесімен Абильбаев Дінмұхамед, Алматы қаласы

2 орын – 13,88 секунд нәтижесімен Ануарбеков Назарбек, Астана қаласы

3 орын – 13,95 секунд нәтижесімен Мағау Нұралы, Қостанай облысы

Әйелдер арасында:

1 орын – 07,27 секунд нәтижесімен Салмина Валентина, Шымкент қаласы

2 орын – 07,44 секунд нәтижесімен Тұрсынхан Ақтоғжан, Қызылорда облысы

3 орын – 07,46 секунд нәтижесімен Байтикова Айдана, Қостанай облысы

19 наурыз жарыс 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту дисциплинасы бойынша жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1184645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді