Волейболдан жарыс.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Самар ауданының Құлынжон ауылында ерлер арасында волейболдан XIII-ші облыстық спартакиадаға ақтық іріктеу жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Аталған додаға Күршім, Самар, Алтай, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының командалары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Күршім ауданының командасы үздік ойын үлгісін көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды. Команда ойыншыларының ұйымшылдығы мен шеберлігі жеңіске жетуіне негіз болды.

Осылайша, Күршім құрамасы 30 сәуір күні Өскемен қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алып, облыс чемпионы атағы үшін бақ сынайтын болады.

Жарыс қатысушыларына алдағы финалда сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1184708?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді