
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов өз қызметі аясында «Сәтбаев жылу-сумен жабдықтау кәсіпорнына» (ЖШС «СЖСЖК») арнайы барып, еңбек құқықтары мәселесіне арналған мазмұнды құқықтық сағат өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, олардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы, еңбек дауларын шешу жолдары және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша пайдалы ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1184778?lang=kk

Жауап қалдыру