
Мемлекет басшысының халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында «Құқық кабинеті» ашылды.
«Құқық кабинеті» — әрбір азамат қажетті құқықтық ақпарат ала алатын орын. Кабинет Тобыл қаласы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында eGov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы базасында жұмыс істейді.
Негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру. Сіздер мамандардан түсіндірме алып, қолдау ала аласыздар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-tobyl/press/news/details/1184820?lang=kk

Жауап қалдыру