
Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік есеп пен салық есебінің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесіп 2026 жылғы 5 қаңтарда «Халық бухгалтері» акциясын бастады. Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.
2026 жылдың наурыз айынан бастап Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына екі рет (сейсенбі және бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін тегін кеңес берулер өткізіледі.
12 наурыз күні «Халық бухгалтері» акциясы өз жалғасын тауып, кәсіпкерлер мен азаматтарға салық және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша кәсіби кеңестер берілді.
Кәсіпкерлер мен азаматтарды осы мүмкіндікті пайдаланып, кәсіби бухгалтерлерден тегін кеңес алып, салық сауаттылығын арттыруға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1184883?lang=kk

Жауап қалдыру