Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы: облысты басқарудың жаңа схемасы және ««Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларының тізбесі қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нұркен Кобжановтың төрағалығымен облыс әкімінің орынбасарлары А.Әлденей, О.Таурбековтың қатысуымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қарағанды облысын басқарудың жаңа схемасын енгізу туралы ұсынысты қарау болды. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жаңа мемлекеттік орган – Балалардың құқықтарын қорғау басқармасын құру көзделген.

Депутаттық корпус әлеуметтік маңыздылығы мен өзектілігіне баса назар аудара отырып, аталған Басқарманы құру қажеттілігін қолдады, сондай-ақ жасанды интеллектті дамыту мәселелерін енгізу арқылы Ақпараттандыру басқармасының функционалдық өкілеттіктерін кеңейте отырып, атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізілді.

«Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларының тізбесін бекіту туралы мәселені талқылау барысында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау үшін жаңа инклюзивті спорт орталығының маңыздылығына ескере отырып, аталған Құрылыс жобасының тізбесіне енгізу туралы ұсыныс айтылды. Сонымен қатар жаңа жобаларды іске асыруға қолданыстағы мораторий жағдайында осы тізбені бекітудің орындылығын қосымша қарау қажеттілігі атап өтілді.

Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілетін болады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1184927?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді