Созақ аудандық мәслихатының кезекті 39-шы сессия отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Созақ аудандық мәслихатының кезекті 39-шы сессия отырысы өтті.

 Сессияны мәслихат төрағасы Жәмиев Ордабек Мырзабекұлы ашып, жүргізіп, төрағалық етіп отырды.

 Сессияға ауданы әкімінің орынбасарлары, тиісті мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, құқық  қорғау органдары басшылары, ардагерлер, ақсақалдар кеңесінің төрағалары және қоғамдық ұйым өкілдері, аудандық аумақтық сайлау комиссия өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысып отырды.

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі.

Баяндамашы  – Б.Махашбаев,  аталған бөлімнің  басшысы.

 

  1. Аудандық орталық аурухананың атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі.

Баяндамашы  –Н.Бердімұратов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.

 

  1.  Қыземшек кенті әкімінің есебі.

 

Баяндамашы-   М.Әбіл, Қыземшек кентінің әкімі.

 

  1. Созақ  аудандық  мәслихатының  26 желтоқсандағы 2025 жылғы  №240 «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтер мен кенттер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Хабарламашы   – ауылдық округ және кенттері әкімдері.

 

 Жалпы, сессияда күн тәртібіндегі қойылған мәселелер қаралып, мәслихат депутаттары тарапынан сұрақтар қойылып, шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1184995?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді