
2026 жылдың 19 наурызында А.Ө. Тишбаева төрайым етуімен табиғатты қорғау, дене шынықтыру және спорт, жастар істері, тарихи мұраны қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Депутаттар «ТКББ жүйесінде реформаларды іске асыру тиімділігі туралы. Меңдіқара ауданында Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік – техникалық колледжінде білікті жұмыс кадрларын дайындау» сұрағын қарастырды.
Депутаттар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік – техникалық колледжі» КМҚК директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары А.В. Кашариның есебін тыңдап және талқылай келе белгіледі: «Меңдіқара ауданында Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік – техникалық колледжінде білікті жұмыс кадрларын дайындау Қазақстан экономикасын дамытудың қазіргі заманғы деңгейі жұмыс кадрларын дайындауға сапалы трансформациялауды талап етеді. ТКББ жүйесінде реформалар еңбек нарығын сұрау салумен білім беру бағдарламасын мақсимальды жақындатуға бағытталады. «Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік – техникалық колледжі» КМҚК үшін бұл процесс түлектердің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған жүйелі өзгерістердің катализаторы болды.
Депутаттар осы сұрақ бойынша сәйкес қаулы қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1185015?lang=kk

Жауап қалдыру