Отбасы – қоғамның берік негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отбасы – адам өмірінің бастауы, тәрбиенің алғашқы мектебі әрі адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі. Әрбір тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы тәлім-тәрбиеге байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты негізі.

Қазақ халқы ежелден шаңырақты қасиетті ұғым ретінде бағалаған. Ұрпақ тәрбиесінде үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, ата-анаға қамқорлық жасау, бауырмалдық пен өзара сыйластықты сақтау – ұлттық құндылықтардың өзегі болып табылады. Осындай өнегелі тәрбие алған жас буын елжанды, жауапты әрі парасатты азамат болып қалыптасады.

Қазіргі кезеңде отбасы институтын нығайту, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен қолдауды арттыру – қоғам дамуының маңызды шарттарының бірі. Тәрбиелі әрі берекелі отбасы – тұрақты қоғамның кепілі.

Шаңырақ күні мерекесі аясында баршаңызды отбасы құндылықтарын дәріптеуге, жақындарыңызға қамқорлық танытып, отбасылық бірлікті нығайтуға шақырамыз.

Шаңырақтарыңыз биік, отбасыларыңыз аман, берекелеріңіз мол болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1185089?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді