
Наурызнама онкүндігі аясында, Жаңару күніне орай «Жастар» балалар-жасөспірімдер орталығында» цифрлық технологиялар мен техникалық шығармашылыққа бағытталған мазмұнды іс-шаралар өтті.
Робототехника үйірмесінің тәрбиеленушілері жетекші Юрий Федоровтың басшылығымен роботтар құрастырып, оларды ұлттық ойын түрлерін ойнауға «үйретті»: асық ату, теңге ілу және арқан тарту. Бұл жобалар заманауи технологияларды ұлттық мәдениетпен ұштастырудың тамаша үлгісін көрсетті.
Іс-шара барысында робототехника бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оқушылар өз жобаларын таныстырып, жаңа техникалық шешімдермен бөлісті.
Сонымен қатар балалар ұлттық ойындарға қатысып, дәстүр сабақтастығын дәріптеп, оның заманауи дамуын айқындады.
Жаңару күні – болашаққа нық қадам, жаңашылдық пен ұлттық құндылықтардың үйлесімі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1185129?lang=kk

Жауап қалдыру