«ҰЛТ РУХЫ: ТАРИХ ПЕН ӨРНЕК» атты театрландырылған мәдени шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай ұйымдастырылған бұл шара қазақ халқының тарихи дамуын ұлттық киім эволюциясы арқылы көркем түрде көрсетті.
Сахнада дала рухы, тарихи кезеңдер, ұрпақ сабақтастығы мен заманауи жаңғыру тақырыптары әсерлі қойылымдар мен сән көрсетілімі арқылы көрініс тапты.
Шараға облыстық білім беру ұйымдарының өкілдері, әдістемелік және ақпараттандыру орталықтарының мамандары, колледж директорлары мен студенттер қатысты.
Іс-шараны Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.
Сонымен қатар, шараға біздің басқарма мамандары да қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлестерін қосты.
Тағылымы мол шара көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1185169?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді