
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Министрдің 2026 жылғы 20 ақпандағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жезқазған қаласында бірқатар түсіндіру іс-шараларын өткізді.
Аталған жұмыстар Жезқазған қаласының прокуратурасымен, Ұлытау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментімен бірлесіп, сондай-ақ Ұлытау облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шаралар барысында құрылыс нысандарындағы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану тәртібін сақтау, сондай-ақ еңбек шарттарын Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде міндетті тіркеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда және уәкілетті органдардың бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-enbek/press/news/details/1185153?lang=kk

Жауап қалдыру