Контрафактілік товарларды жою

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері «Apple lnc.» компаниясы өкілдерінің өтініштері бойынша контрафактілік тауарларды заңсыз пайдалану мен сатудың жолын кесу мақсатында жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып контрафактілік тауарлар тәркіленді және сот шешімімен әкімшілік айыппұл салынды.

Сот шешіміне сәйкес, тәркіленген контрафактілік тауарлар Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің филиалы «Өскемен қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушыларымен бірлесе отырып заңмен белгіленген тәртіпке сай өртеу арқылы жойылды.

Әділет департаменті зияткерлік құқықтарын, атап айтқанда тауар белгілерін қорғауға ерекше назар аударатынын хабарлаймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1185137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді