
Ағымдағы жылдың 03 наурызында «ҚР Батыс Қазақстан облысында орналасқан Березовский учаскесінің жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижелері туралы 2022-2025жж. кезеңінде жүргізілген қорытынды есепті» қарау бойынша «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті Кеңесінің отырысы өтті.
Қарастырылып отырған «Есеп….» Батыс Қазақстан облысында орналасқан Березовский учаскесінің жер қойнауын геологиялық зерттеуге 21.12.2022 ж.№182-ГИН лицензиясы бар «KMG Barlau» ЖШС берген геологиялық-техникалық тапсырмаға сәйкес «Professional GEO Solutions Kazakhstan» ЖШС («Профешинал Гео Солюшинс Қазақстан») жасады. Лицензияланған учаскенің ауданы 7576,27 шаршы км құрайды.
Березовский учаскесі Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Шыңғырлау және Сырым аудандарына жатады.
Березовский учаскесі Каспий маңы шөгінді бассейнінің солтүстік жағалау аймағының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.
Қаралып отырған есепті Березовский учаскесі шегінде орындалған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорыту мақсатында «PGS Қазақстан» ЖШС орындады.
2023 жылы «БИДЖИПИ Геофизические Услуги (Казахстан)» ЖШС Березовский учаскесінде 2Д МОГТ әдісімен сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізді. Жер қойнауын геологиялық зерттеу (ГИН) жоспары бойынша 272 пог.км (толық бақылау) көлемінде сейсмикалық барлау жұмыстарын орындау көзделген болатын. Нақты орындалған жұмыс көлемі 448,3 пог.км-ді құрады. Жұмыстар көмірсутек шикізаты (КШ) жатындарын анықтау мақсатында нысаналы объектілердің сейсмогеологиялық моделін құру үшін жүргізілді..
МОГТ 2Д сейсмикалық материалдарын өңдеу және түсіндіру «Professional GEO Solutions Kazakhstan» ЖШС («Профешинал Гео Солюшинс Казахстан») уақытша және терең облыстарда жүргізілді.
Орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша құрылымдық интерпретацияны талдау негізінде жұмыс учаскесінің геологиялық құрылымы нақтыланды.
Геологиялық-техникалық тапсырмада көзделген қойылған геологиялық міндеттер орындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/1185192?lang=kk

Жауап қалдыру