
Атырау облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Нариман Биғали тағайындалды.
Нариман Биғали — жоғары білімді. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін “Тарих”, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін “Құқық”, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін “Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын жасау” мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы бастаған. Әр жылдарда Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясында бас маман, “Нуркапстройгаз” ЖШС директоры, Атырау облысы құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ Индер аудандық құрылыс бөлімін, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімін басқарып, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.
Осы тағайындауға дейін Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1185297?lang=kk

Жауап қалдыру