
Тараз қаласында өтіп жатқан U15 және U23 Қазақстан чемпионатында 23 жасқа дейінгі ерлер арасында 125 келі салмақта жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әлем және Азия чемпионы Ризабек Айтмұхан бұл жолы жаңа салмақта бақ сынады. Финалда ол Ақтөбе қаласының спортшысы Әлімжан Сәлімжанды мерзімінен бұрын жеңді.
Белдесу барысында толық басымдық танытқан Ризабек қарсыласын техникалық артықшылықпен ұтып, кездесуді ерте аяқтады.
Осылайша, Ризабек Айтмұхан 125 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1185292?lang=kk

Жауап қалдыру