
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 18 наурыз күні Павлодар қаласының Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEсo» республикалық экологиялық жобалар конкурсын облыстық кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты: экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурс қорытындысы бойынша «Таза қала сізден басталады» бағытының ІІ дәрежелі диплом иегері Шақат жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ширяев Алексей атанды. «Үздік экологиялық бастама» бағытының ІІІ дәрежелі дипломымен Сычевка негізгі жалпы білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Бердюгина Екатерина марапатталды.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan-bilim/press/news/details/1185282?lang=kk

Жауап қалдыру