
Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – дәстүр мен салт айшығы» атты әдеби-танымдық кеш «Жас толқын» клубының мүшелері және «Асыл әжелер» тобының қатысуымен ұйымдастырылды. Кеш барысында қазақтың салт-дәстүрлері кеңінен таныстырылып, соның ішінде «Сырға салу» дәстүрі сахналық көрініс арқылы көрсетілді. Бұл ғұрып – қызға құда түскеннен кейін орындалатын маңызды рәсімдердің бірі. Сырға салу кезінде жігіт жағы қыздың үйіне барып, құдалықтың белгісі ретінде сырға тағып, өз ниеттерін білдіреді. Іс-шара барысында әжелеріміз осы дәстүрдің мән-мағынасы мен тәрбиелік маңызын түсіндіріп, жастарға өнеге көрсетті. Кеш қонақтары ұлттық құндылықтарды тереңірек танып, ерекше әсер алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-saran/press/news/details/1185408?lang=kk

Жауап қалдыру