Жансақтау бөліміндегі науқастардың жағдайы бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Губайдуллина Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына барып, жансақтау бөлімінде ем алып жатқан 18 жасқа дейінгі науқастардың жағдайымен танысты.

Аралау барысында бөлім дәрігерлерімен және медицина қызметкерлерімен кездесіп, науқастарға көрсетіліп жатқан медициналық көмектің барысы туралы ақпарат алды.

Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқан балаларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан науқастардың жағдайы мен көрсетілетін медициналық көмектің сапасы тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-densaulyk/press/news/details/1185464?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді