100 жасаған ғасыр ана

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін ауылымыз үшін ерекше қуанышты күн болды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі күні ауылымыздың ардақты анасы, ғасыр жасаған Діңкен әжеміз 100 жасқа толды.

Ғасырлық ғұмырында 11 бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде 26 немере, 32 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отырған ақ жаулықты ана – үлкен әулеттің ғана емес, бүкіл ауылымыздың мақтанышы.

Осы қуанышты сәтте әжемізге ақжарма тілегімізді білдіріп, гүл шоқтары мен құттықтау адресатын табыстадық. Сондай-ақ «Ғасыр жасаған Ана» атты мақала жарық көрген «Абай елі» газетінің 15 данасын әженің ұрпақтарына естелік ретінде сыйға тарттық.

Ғасыр жасаған ананың ақ батасы мен өнегелі өмірі – кейінгі ұрпаққа үлкен үлгі. Діңкен әжемізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ұрпағының қызығын көріп, аман-есен ортамызда жүре беруін тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-qasqabulaq-district/press/news/details/1185487?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді