ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ ШЫРША ЕГІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Наурызнама онкүндігі аясында 19 наурыз – Жаңару күніне орай, Сауран ауданы, Шорнақ ауылында көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Аталған іс-шара барысында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 300-ге тарта шырша көшеттері отырғызылды. Игі бастамаға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Нәтижесінде Ж.Шайахметов, А.Құнанбаев және Қ.Жиеналиев көшелерінің аумағы жасыл желекпен толықтырылып, елді мекеннің көркі айтарлықтай жақсарды.
Жаңару күні аясында ұйымдастырылған бұл шара қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көркейту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1185483?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді