Сенат халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысында «Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 50 (а)-бабына өзгеріс енгізу жөніндегі хаттаманы және аталған Конвенцияның 56-бабына өзгеріс енгізуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Түзетулердің күшіне енуі үшін ИКАО-ға мүше мемлекеттердің кемінде үштен екісі (128 ел) оларды ратификациялауы қажет. Қазіргі таңда аталған хаттамаларды 121-ден астам мемлекет ратификациялаған.

Қазақстан Республикасы Парламентінің қолдауымен заң жобасы мақұлданып отыр. Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін Қазақстан өңірде және Орталық Азияда Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға енгізілген өзгерістерді ратификациялаған алғашқы ел болады.

Аталған түзетулерді ратификациялау Қазақстанға ИКАО Кеңесінің құрамына кіруге өтінім беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ Чикаго конвенциясының мақсаттары мен қағидаттарына және халықаралық авиация саласындағы міндеттемелерге беріктігін растайды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1185532?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді