Абай облысында «жылдам табыс» схемасы әшкереленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Астана қаласының 36 жастағы тұрғынын әшкереледі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, күдікті «инвестициялық бағдарлама» арқылы ақшалай қаражатты көбейту сылтауымен Бесқарағай ауданының 48 жастағы тұрғынының сеніміне кіріп, оның ақшасын иемденген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 700 000 теңгені құрады.

Жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің қылмысқа қатыстылығы дәлелденді. Оған қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме қолданылды.

Күдіктінің әрекеттері алаяқтық бабы бойынша сараланды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.

Полиция азаматтарға ескертеді: инвестициялық жобаларға қаражат салмас бұрын олардың заңдылығын мұқият тексеріп, жылдам пайда уәделеріне сенбеу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1185548?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді