Құрметті жітіқаралықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Қасиетті Рамазан айы – бұл рухани тазалау, қайырымдылық пен игі істер кезеңі. Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.

Ораза айт – қонақжайлылық пен мейірбандылықтың, достық пен татулықтың мерекесі. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, ақ баталарын береді.

Ауданымыз, жалпы Қазақстанымыз да – бейбіт, келісім мен өзара сыйластық мекені. Рухани құндылықтарға, көршілік пен бірлікке құрметпен қарау әл-ауқатымыздың берік тірегі болып қала береді.  

Ұлық, қастерлі Ораза айт мерекесі баршаңызға жақсылық, ынтымақ-бірлік әкелсін, әр шаңырақта береке орнасын!

Айт қабыл болсын!

 

       Жітіқара

ауданының әкімі                                                                                                                                         А.Жаныспаев 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1185645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді