Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардың автопаркі заманауи техникамен толықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы және Түркістан қалаларында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жаңа автопатрульдермен толықты. Айрықша мәнге ие бұл оқиға жаңару мен бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында өтті.

Жаңа автокөліктер Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековке таныстырылды.

Генерал-майор А. Балтабеков қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін атқаратын әскери бөлімдердің техникалық базасын жаңарту  маңыздылығына ерекше тоқталды.

– Ұлттық ұлан қоғам тыныштығын, заң мен тәртіпті қорғауда. Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау жоғары дайындық пен жедел әрекет етуді талап етеді. Жаңа автопатрульдер бөлімшелердің әлеуетін едәуір арттырып, қызмет тиімділігін күшейтеді деп сенемін, – деді Бас қолбасшы.

Жаңадан келген техника патрульдік қызметтің сапасын жақсартуға, шақыртуларға әрекет ету уақытын қысқартуға және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қысқа уақыт ішінде Ұлттық ұлан бөлімшелеріне 336 заманауи техника жеткізілді, оның ішінде 120-дан астамы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында үлестірілген.

Автопарктің жаңартылуы – елдегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін орындауда Ұлттық ұланның жауынгерлік әзірлігін нығайтуға және қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған кезекті қадам.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1185677?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді